Өнерлерің өрге жүзсін

0
1139

Сымбат ОРДАБАЕВА:  «Қызым – Бақнұр Қозыбай бес жаста. «Мейірім» шығармашылық орталығындағы бейнелеу және  мүсіндеу  үйірмесіне қатысады.  Бейнелеу өнері балалардың эстетикалық сезімін, көркемдік талғамын оятып,  шығармашылық қиялын дамытады деген ғой мамандар.

 

Айтқандай-ақ,  қызым үйірмеге қатысқалы   бірқатар іскерліктер мен дағдыларды меңгеріп, заттар мен қоршаған әлем құбылысын талдауды да үйреніп келеді.  Шығармашылық деген   бүкіл тіршіліктің көзі деп айтар  едім. Осындай орталық ашылғанына шын қуаныштымын. Бұл жердегі ұстаздарынан көп дүниені меңгеріп жатыр. Қолымен жасаған заттарын  үйдегі сіңлісіне әкеп көрсетіп, үнемі оған қамқор болып жүреді.

Болашақта сән әлемінде жұмыс жасағым келеді дейді. Анасы ретінде қызымның өнерлі болғанын қалаймын және арманына қол жеткізсе екен деймін. Орталықтың директоры Гүлмира ханымға  және үйірме ұстаздарына алғысымді білдіремін».

Назым МЫРЗАХАНҚЫЗЫ: «Әміржан  Айлин  мен Амираның  анасымын. Қыздарымды  маторикасы  мен қолының икемділігі  дамысын  деп орталықтағы  сурет пен мүсіндеу сабағына бердім.  Жаз айынан  бері  үйірмеден үйренгендері  көз қуантады. Айлин өскенде  мұғалім әлде бір мекеменің бастығы боламын дейді. Екі қызымның болашағынан зор үміт күтемін. Үйірменің  директоры  Гүлмира Қуанышқызына, сурет пен мүсіндеуден беретін   Айжан,   Клара апайларға айтар алғысымыз шексіз. Еңбектері  еселеніп,  жұмыстары  жемісті болсын».

Амира ӘМІРЖАН: «Жасым сегізде,  Талдықорған қаласындағы №28  IT- лицейінің  3 сынып оқушысымын. Сурет салғанды жақсы көргендіктен    сурет үйірмесін тандадым. Сондай-ақ, мүсіндеу үйірмесіне де  жазылдым.  Себебі ермексаздан  түрлі заттар жасап үйренгім келді. Орталыққа  жаз айына бері келемін. Мұндағы   апайларымыз  сабақтарын қызықты өткізеді. Мүсіндеу өнерінен көп зат  жасап үйрендім.Сіңілім екеуміз бірге барып қайтамыз. Үйге келгенде де сурет салып, мүсіндеуден үйренгендерімді қайталаймын. Бос уақытты  ұтымды пайдалану керек қой. Өзім өскенде дәрігер болуды армандаймын.  Бізді  осындай өнерге  баулып жүрген ұстаздарыма  алғыс  айтамын».

ӨЗ ТІЛШІМІЗ


ПІКІР ЖАЗУ