Тоғыз айда 689 өрт оқиғасы тіркелді

0
1148

Апат айтып келмейді. Адамдардың абайсыздығынан не болмаса электр желілерінің тұйықталуынан болатын төтенше жағдайлар көңіл алаңдатып тұр.

Алматы облысы Төтенше Жағдайлар Департаментінің берген мәліметтері бойынша тоғыз   айда   689  өрт  оқиғасы болған. Мәселен тұрғын үйлер мен жеке секторларда – 427, автокөліктерде – 102, сауда  орындарында – 20, өндіріс ошақтарында – 3, әкімдік ғимартарда – 1, ауылшаруашылық жерлерінде – 15 өрт оқиғасы тіркеліпті. Жалпы тоғыз айда өрттен 7 адам зардап шексе, 27 адам ажал құшқан. Төтеншеліктер ұдайы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, жарнамалар жасап, өрттің алдын алу шараларын айтудай-ақ айтып келеді. Алматы облысында  өрт оқиғасының көрсеткіші төмендегенімен, тілсіз жаудан ажал құшқандардың саны артып отырғанын айтады. Аяқ асты жалын құшып, опық жеп қалғандар өрт салдарынан  абайсызда  зардап шегуде. Мысалы, төртінші  қазан күні Талдықорған қаласында «Самал» шағын ауданындағы пәтерлердің бірінде өрт шыққан. Оқиға орнына дереу жеткен өрт сөндірушілер түтінделген пәтерден адам-дарды құтқару және эвакуациялау жұмыстары кажет екенін анықтапты.  Өртті бір мезгілде сөндіре отырып, зардап шеккендерді  құтқару және эвакуациялау бойынша жұмыстар дереу ұйымдастырылып, жедел қабылданған шаралардың нәтижесінде пәтердегі 6 адам құтқарылды. Оның ішінде үшеуі  бала болған. Сондай-ақ  көп  қабатты тұрғын үйдегі 43 адам сыртқа шығарылған.  Оның 17-і  эвакуацияланды дейді. Өрттің ғима-рат төбесіне және көрші пәтерлерге таралуына жол берілмеген.

«Алматы облысы ТЖД-нің 33 қызметкері мен 10 техникасы, сондай-ақ полиция, жедел медициналық көмек және авариялық-газ саласы-ның қызметкерлері жұмылдырған. 21 шаршы метр алаңды шарпыған қызыл жалында зардап шекендер мен құрбан болғандар жоқ», – дейді Алматы облысының Төтенше Жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

5 қазан күні Талдықорған  қаласындағы «Березка»  моншасы өртке оранды. Моншаның шатырынан бастау алған жалын 150 шаршы метр алаңды шарпыған. 2014 жылы салынған моншаның шатыры бөрене, металл шифрден жасалғаны анықталды. Өрттің белең  алуының себебі электр сымдарының қысқа тұйықталуынан болған. «Құдай да сақтанғанды сақтаймын» деген ғой.. Биылғы жыл-да қуаңшылыққа байланысты дала өрттері де аз болған жоқ. Өзекті өртейтіні сол 27 адамның өмірін қиған тілсіз жаудың құрбаны болғандар айдың-күннің аманында отқа оранды.

ӨЗ ТІЛШІМІЗ


ПІКІР ЖАЗУ