Шаңырақ байқауының жеңімпаздары марапатталды

0
1177

Талдықорған қаласындағы  Достық үйінде  жылдағы дәстүр бойынша «Шаңырақ» шығармашылық байқауының қортындысы жарияланып, жеңімпаздар анықталды.

Ұйымдастырушылар сөзінше, байқауға 15 қаңтар мен 10 қазан аралығында мемлекеттік және орыс тілінде жазылып, түрлі ақпарат құралында жарияланған, телеарналардың эфирінде көрсетілген,  интернет-ресурстарда жарық көрген баспасөз материалдары және теле-радио бағдарламалары түрінде 21 жұмыс келіп түскен. Білікті журналистерден құралған қазылар алқасы келген мақалаларды сарапқа салып, тиісті бағасын берді.

Әділқазылар алқасының мүшесі, облыстық «Jetisy» газеті бас редакторының орынбасары  Нүсіпбай  Әбдірахымның айтуынша, әділқазылар алқасы материалдарды жан-жақты сараптап, оның байқау шарты мен таңдаған номинацияның талабына сәйкес келетіндерін іріктеген. Бұл ретте ол байқуға түскен материалдардың бәрі бірдей талапқа сай келмейді яки бәрі бірдей керемет деп те айтуға болмайтынын, тіпті кейбірінің байқауға сай емес, есеп үшін жазылған  дүниелерін  жолдай салғанын айтып, кейіс танытты.  «Мақсаты айтып тұрғандай, қоғамдық келісім, ұлттар арасындағы татулық, этнос арасындағы береке-бірлікті нығайтуға арналған байқауға қойылатын талап та жеңіл болмайды. Сондықтан бұл конкурсқа қосатын материалдар да мазмұн-мағынасы сай болып, жұтынып тұруы керек», – деген Нүсіпбай Додабайұлы  бастысы әрбір үміткердің материалы әділ бағасын алды деді.

Сонымен,  биылғы облыстық байқаудың бас жүлдесін облыстық «Огни Алатау» газеті бас редакторының орынбасары Забира Сайдильдина иеленіп, Алғыс хат пен қомақты заттай сыйлыққа ие болды. Қалған  тоғыз  журналист те өздеріне тиесілі орындарды қанжығасына байлап, сый-сыяпатқа бөленді.

ӨЗ ТІЛШІМІЗ


ПІКІР ЖАЗУ