Жеңімпаздар марапатталды

0
1123

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында «Алматы облысы  ішкі саясат басқармасы»  ММ   «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастырумен  әр этнос өкілдерінің  белсенді жастарын қолдауға арналған  облыстық  «Jer Jannaty Jetisy»   жобасы  байқауының кезекті  жеңімпаздарын  салтанатты түрде марапаттау рәсімі  өтті.

Аймақтан  30-ға жуық жас кәсіпкер жобаларын ұсынып, нарықта өзекті болар идея ұсынған 10 кәсіпкер жеңімпаз атанды.

Облыс әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов жоба байқауының жеңімпаздарын құттықтап, жылы лебізін білдірді.

Лайықты марапаттарға ие болған қатысушылар көрсетілген құрмет үшін алғыстарын білдіріп, сенімді ақтауға ұмтылатындарын және өздерінің бизнес-жоспарларын іске асыру үшін қарқынды жұмыс істеуді  жалғастыратындарын  айтты.

***

Достық үйінде Алматы облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы  Аналар кеңесінің   отырысы өтті.

2013 жылы құрылған кеңес  бүгінгі күнде жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беретін  өзіндік  мектепке айналды. Кеңес мүшелері  әлеуметтік мәселелерді шешуде, жалғыз басты және көп балалы аналарға консультациялық көмек көрсетуде, сондай-ақ отбасылық құндылықтарды қалыптастыруда өз септіктерін тигізіп келеді.

Аналар кеңесі  Қазақстан халқы Ассамблеясы өткізетін барлық іс-шараға  белсенді қатысады. Кездесуге қатысқандар  этносаралық қатынастар саласында ағымдағы жылы атқарған жұмыстар туралы баяндама жасады.

Өз сөзінде  «Қоғамдық келісім» КММ директоры Жандарбек Бұлғақов  Аналар кеңесінің маңыздылығы мен жастарымызды әлеуметтендірудің тиімді институты екенін атап өтті. Отырыс қорытындысы бойынша белсенді жұмысы үшін Аналар кеңесінің өкілдеріне ақшалай сертификаттар тапсырылды.

ӨЗ ТІЛШІМІЗ


ПІКІР ЖАЗУ