55 мың жасөспірім вакцина алды

0
1375

Өңірде  12 жастан бастап тұрғындарды коронавирустық инфекциядан вакцинациялау жұмыстары жалғасып келеді. Бүгінде аймақ бойынша   318 вакцинация және 76 жылжымалы пункт жұмыс істеуде. Облыста вакцинаның бірінші дозасын алғандар саны 925 768 адам, яғни,  77 пайызды құрайды.  Ал,  екінші компонентті 859 571 немесе иммундауға жататын ересек тұрғындардың 72 пайызы алды.

Жалпы  облыс тұрғындары төрт вирусқа қарсы препараттан вакцинацияны таңдай алады, олар: Гам-КОВИД-ВАК(Спутник V),«QazCovid-in»,«Sinopharm Vero Cell»  және жасөс-пірімдерге, жүкті, бала емізетін әйелдерге, сондай-ақ 60 жастан асқандарға арналған Comirnaty (Pfizer). Сонымен қатар, Алматы облысында жасөспірімдер, жүкті және бала емізетін әйелдер арасында вакцинация жұмыстары белсенді жүргізілуде. Облысқа барлығы 380 250 доза Комирнати вакцинасы келіп түсті. 68 504 адам вакцинацияланғандардың қатарында, оның ішінде 55 229 жасөспірім,  3113 жүкті әйел және лактация кезеңінде 10 162 әйел бар.  Мұнымен қатар облыс тұрғындары ревакцинация курсына да белсенді қатысуда.  Қазіргі таңда  124 101 адам толық иммундау курсынан өтті.

«АЛАТАУ-АҚПАРАТ»

 


ПІКІР ЖАЗУ