40-тан астам елді мекен су тасқыны қаупі бар учаскелерде орналасқан

0
898

Алматы облысында  қазіргі уақытта 43 елді мекенде су тасқыны қауіпі жоғары. Бұл туралы «Jetisy’ Media» ақпараттық алаңында өткен брифинг барысында белгілі болды.

Облыс бойынша қардың ең жоғары қалыңдығы  55 см-ге дейін Алакөл, Кербұлақ, Райымбек және Кеген аудандарында, ал қалған аумақтарда орта есеппен 5-15 см-ге дейін байқалады.

Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін жетілдіру, сондай-ақ азаматтық қорғау қызметтерінің басқару органдарын, күштері мен құралдарын көктемгі кезеңге дайындау мақсатында 3-4 наурыз аралығында облыс аумағында «Көктем-2022» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуын өткізу жоспарланған.

Алматы облысы ТЖД бастығының орынбасары Игорь Жуковтың айтуынша, практикалық шара аясында барлық жерде су тасқынына қарсы іс-шаралар, соның ішінде арықтарды, каналдарды, су өткізу құрылыстарын, көпірлерді тазалау және дайындау жұмыстары ұйымдастырылған. Сонымен қатар, су тасқыны кезеңіне дайындық бойынша халық арасында алдын алу жұмыстары ұйымдастырылды, бүгінгі күні 7 мыңнан астам адамды қамтитын 146 жиын өткізілді және 3 мыңға жуық жадынама табыс етілді.

«АЛАТАУ-АҚПАРАТ»


ПІКІР ЖАЗУ