Жүлделі орыннан көрінді
Алматы облысында ауыл жасөспірімдерінің IV жазғы ойындарынан іріктеу өтуде. Атап айтқанда, баскетбол, волейбол, асық ату, бес тас, дзюдо, футбол, еркін күрес ойындары.
* * *
Еңбекшіқазақ ауданына қарасты Есік қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы дзюдо бойынша жарысқа аудандар мен қалалардан 10 команда, 120-ға жуық спортшы қатысты.
Жарыста ұлдар 38 келіден 73 келі салмақ арасында, қыздар 36 келіден 63 келі салмақ арасында бақ сынады. Сайыс қорытындысы бойынша Еңбекшіқазақ, Талғар, Іле, Қарасай, Жамбыл, Ұйғыр, Кеген, Райымбек аудандарынан келген спортшылар үздіктер қатарынан көрініп, жүлделі орындарды еншіледі.
* * *
Ауыл жасөспірімдерінің IV жазғы ойындарынан іріктеу бойынша Талғар ауданында асық ату, бес тас ойындары өтті. Онда 2007-2009 жылы туылған ұлдар мен қыздар бақ сынап, 50-ге жуық спортшыдан, 8 команда қатысты.
Асық ату ойынына қатысқан жасөспірімдер арасындағы жүлделі бірінші орынды Талғар ауданының споршылары иеленсе, 2 орын Ұйғыр ауданына, жүлделі 3 орын Еңбекшіқазақ ауданының спортшыларына бұйырды.
Бес тас бойынша ойын жеңімпаздары болып Еңбекшіқазақ, Балқаш және Талғар аудандарының спортшылары жеңіс тұғырынан көрінді.
* * *
Еркін күрес бойынша іріктеу ойыны Жамбыл ауданына қарасты Ұзынағаш ауылында өтті. Іріктеу ойындарында 2005-2007 жылғы жасөспірімдер бақ сынады.
Сайысқа 45 келіден 110 келі салмақ арасындағы 50 спортшы қатысты.
Жарыс қорытындысы бойынша командалық есепте Қарасай, Еңбекшіқазақ, Талғар, Іле, Райымбек және Жамбыл ауданынан қатысқан спортшылар жүрделі орындарды қанжығалады.