Әуежай жұмысы қайта жанданды

0
315

Үшарал әуежайы ұшу-қону жолағын жаңғырту жұмыстарынан кейін алғашқы ұшақты қабылдады. Бұл туралы Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бірінші рейстің жолаушылары Талдықорғаннан сағат 11.50-де ұшып шығып, Үшаралға 12.50-де қонды. 11 тамыздан бастап «Жетісу» авиакомпаниясы күнделікті «Талдықорған – Үшарал – Талдықорған» бағытында авиарейстерін ұшырады. Билеттерді Үшарал және Талдықорған қалаларының әуежайы кассаларынан, сол сияқты онлайн түрде де алуға болады. Сол секілді «SCAT» авиакомпаниясының «Нұр-Сұлтан – Үшарал – Нұр-Сұлтан» бағытындағы әуе рейстері 15 тамыздан, ал Алматы мен Үшарал арасындағы әуе қатынасы 16 тамыздан бастап жанданады деп жоспарлануда.

«АЛАТАУ-АҚПАРАТ»


ПІКІР ЖАЗУ