Қысқа – нұсқа

0
363

Шетелдік көлікті сақтандыруға тыйым салынады

Енді ел тұрғындары басқа мемлекетте тіркелген автомобильді сақтандыру арқылы жүргізе алмайды. Бірақ 12 қаңтарға дейін рәсімделген полистер мерзімі аяқталғанша жарамды болады.

Президент «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекет басшысының жекелеген тапсырмаларын іске асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға  қол  қойды, ол биыл 12 қаңтарда күшіне енеді. Онда басқа нормалармен қатар көлік иелерін міндетті сақтандыру және «Жол жүрісі туралы» заңдарға енген өзгерістер бар.

Тұрғындар газ бағасына наразылық білдірді

Шамалған ауылдық  округі әкімдігінің ғимараты алдына газ тарифіне наразылық білдірген  тұрғындар жиналды. Ауыл әкімдігі жағдайға қатысты ресми түсініктеме берді.

Иттерге чип салу шарасы басталды

Алматы облыстық «Алатау арайы» газетінің тілшісінің мәлімдеуінше, Еңбекшіқазақ аудандық  ветеринариялық  стансысында  иттерге  чип  салу шарасы қолға алынды.

Бұл әдістің тиімділігі, енді иттер жіті бақылауда болады. Барлық мәлімет «TANBA» ақпараттық  базасында жинақталады. Жануарлар дер кезінде емдеуден өтті ме, қайда жүріп, қайда тұрады, иесі кім, басқа да жайлар электрондық төлқұжатта алақандағыдай анық көрсетіледі.

Тұмау мен коронавиурс өршіп тұр

Алматы облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінің ұйымдастыруымен өткен «Тұмау және ЖРВИ-дің эпидемиологиялық жағдайы» тақырыбындағы  баспасөз мәслихаты өтті. Онда   облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәулет Қапсаламова  ЖРВИ-мен сырқаттанудың өсуі желтоқсан айында басталып, ең жоғары көрсеткіш қаңтар айында байқалатынын, бүкіл әлемде А(H1N1), А(H3N2) және В тұмауы вирустары белсенділігі артып тұрғанын айтты.

«АЛАТАУ-АҚПАРАТ


ПІКІР ЖАЗУ