Мемлекеттік тілдің мәртебесі әрдайым бірінші орында

0
319

Мемлекет басшысы осы жылды «орыс тілі жылы» деп жариялады. Бұған қатысты  ел  ішінде түрлі  пікірлер орын алуда.

Олардың басым бөлігі алдымен қазақ тілін ұшпаққа шығарып алғанымыз жөн  екенін айтады. Яғни, ел боламыз, ұлт боламыз, халық боламыз десек, қазақ тілінің жоғын жоқтауымыз керек .

Жалпы осы «орыс тілі жылы» дегенге Жетісу облысының тілдерді дамыту жөніндегі  басқармасының  басшысы Ермек  Ақшабаевтың көзқарасы  қандай?

–  Менің жеке пікірім мемлекеттік тілдің қолданыстағы рөлін орыс тілімен салыстырудың қажеттілігі жоқ деп ойлаймын. Қазақстан Республикасында мемлекеттiк тiл және барлық басқа тiлдер мемлекеттiң қорғауында болады. Мемлекеттiк органдар бұл тiлдердiң қолданылуы мен дамуына қажеттi жағдай жасайды.

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл – қазақ тілі. Қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе берілген. Сондықтан қазақ тілінің болашағына сеніммен қарауымыз керек. Мемлекеттік тілдің мәртебесі әрдайым бірінші орында. Әрбір қазақстандық қазақ тілін білуге міндетті.

Қазіргі таңда орталық атқарушы органдар тарапынан «2023 жылы Достастықта орыс тілі жылы атап өтіледі» деген мәлімдемеге байланысты ресми ақпарат түскен жоқ. Осы ретте арнайы іс-шаралар өткізу де әзірге жоспарда жоқ.


ПІКІР ЖАЗУ