Қысқа – нұсқа

0
283

Германия президентіне алғыс айтты

Президент Қасым-Жомарт  Тоқаев пен Германия президенті Франк-Вальтер Штайнмайер Қазақ және неміс жоғары оқу орындары ректорларының форумына қатысты. Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мемлекет басшысы Астанаға арнайы келген Германия президентіне және неміс университеттерінің өкілдеріне алғыс айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев бұл сапар қазақ-неміс ынтымақтастығын кеңейтуге мүмкіндік беретін еліміздің білім және ғылым саласындағы маңызды оқиға екенін атап өтті.

 Малшыларға жағдай жасауды ұсынды

Мәжіліс депутаты Ардақ Назаров еліміздегі малшылардың жағдайын жақсартуды ұсынды. Депутат өз ұсынысында жылына бір мәрте малшыны жанұясымен бірге тегін медициналық қызметтерден өткізіп, шипажайға демалуға жолдама берілу қажеттігін айтты. Сондай-ақ ауыл мен аудан орталықтарында мемлекеттік бағдарламамен салынып жатқан қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету керегін айтты.

Державин қаласы Кенесары болып өзгерді

Ақмола облысындағы Жарқайын ауданының орталығы енді Кенесары қаласы болып аталады.  Державин қаласының атауын қайта атау бойынша жиында қала атауын Кенесары деп өзгертуге 321 адамның 192-і дауыс беріп, көпшіліктің қалауы болды.


ПІКІР ЖАЗУ