Сәт сапар саған, жас түлек

0
162

Талдықорған қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 72 түлегі  білім туралы куәліктерін алды.

Зияткерлік мектептің оқушылары Асель Дюсембинова, Ерасыл Нұрболұлы, Даниил Яровой өз білімдерін растап, «Алтын белгі» иегері атанса, Камила Амангельдина, Мирас Болатбек, Әміржан Емберген, Еренай Каратаева, Томирис Рақымбай, Қарақат Тілеуғазы, Санжар Тұрғанбек «Үздік аттестат» алды.  Он жеті түлек АҚШ, Жапония, Гонконг, Венгрия, Италия және Ресейдің ең үздік жоғары оқу орындарына оқуға шақырту алды.

Салтанатты шараның бейресми бөлімі түлектер, ата-аналар қатысуымен мюзикл стилінде өтті. Ата-аналардың сазды сәлемі кеш қонақтарына ерекше сыйлық болды.

Назарбаев университетінің түлегі, мектеп түлегі, Яндекс компаниясының бағдарламалық әзірлеушісі Дастан  Иемберген биылғы түлектерге құттықтау сөзін жолдады.

Кеш Зияткерлік мектептің түлектеріне «Alumni Nazarbayev Intellectual Schools» қауымдастықтың төсбелгілерін табыстау рәсімімен аяқталды.

ӨЗ ТІЛШІМІЗ


ПІКІР ЖАЗУ