Жетісулық шекарашылар топ жарды

0
297

Алматы қаласында ҚР ҰҚК Шекара қызметі директорының кубогы үшін жекпе-жек сайысынан республикалық турнир өтті. Татами үстіндегі тайталасқа әр облыстан жиналған 21 команда қатысып, өз департаменттерінің намысын қорғады.

Турнирге қатысу үшін алыстан ат арылтып жеткен 150-ден астам әскери қызметшінің арасынан 30-ға тарта шекарашы суырылып шығып, жеңімпаз атанды.Солардың ішінде жетісулық шекарашылар да бар. ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасының әскери қызметшісі ефрейтор Әсет Ахметбеков 57 келі салмақ дәрежесінде 3-орынды иеленсе, 97 келі салмақта 2-орынды Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасының әскери қызметшісі қатардағы жауынгер  Ғани Ерғали жеңіп алды. Жүлделі үштіктен көрінген сайыпқырандарымызға ұйымдастырушылардың атынан диплом және естелік сыйлық табыс етілді.

Сайысты өткізудегі мақсат, спорттық шеберлік деңгейін көтеру және шекарашылар арасында қоян-қолтық ұрысын танымал ету. Салауатты өмір салтын насихаттау.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі

Жетісу облысы бойынша департаменті.


ПІКІР ЖАЗУ