NIS мектебінің «Үздік жас жыл мұғалімі» анықталды

0
218

Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде жас мұғалімдер арасында байқау өтті. Әр әдістемелік бірлестіктен 10 маман «Үздік» атағын сарапқа салды.

Екі апта бойы мектеп қауымдастығы жас ұстаздардың тамаша сабақтарын, сондай-ақ  олардың тәжірибелік презентацияларын, TED баяндамаларын және заманауи оқыту әдістерін бақылау мүмкіндігіне ие болды. Педагогикалық сайыс екі кезеңнен тұрды: ашық сабақ және TEDx форматындағы пән философиясы.

Химия пәнінің мұғалімі Әлия Қобдықова «Мектеп құндылығы – ұстаз құны» деген тақырыбын ұсынды. Жас маман оқушыларға химия пәнінен сабақ беріп қана қоймай, оларды ғылыми жоба байқауларына дайындайды.

«Қазіргі  ұстаз бойында қандай құзіреттілік болуы керек, қазіргі ұрпақпен тіл табу қиын ба?» деген сауалға Әлия Ренатқызы: қазіргі ұрпақ балалары ерекше деп жауап берді.

NIS директоры Виктор Сосин жас мұғалімдердің   жоғары кәсібиліктері үшін алғысын білдірді.

«Креативті мұғалім» номинациясы бойынша Елнұр Саят, «Зерттеуші мұғалім» номинациясын  Наргиз Байгутова, «Тапқыр ұстаз» номинациясын  Архат Баймұханов, «Жаңашыл мұғалім» номинациясын Дарын Қасенов, «Парасатты мұғалім» номинациясын Раушан Атайбекова, «Рефлекстивті мұғалім» номинациясын Айжан Адамбаева, «Ізденімпаз мұғалім»  номинациясын  Фариза Нұрахмет иеленді.

«АЛАТАУ-АҚПАРАТ»


ПІКІР ЖАЗУ