Республикалық байқауға жолдама алды

0
142

Талдықорған қаласындағы Оқушылар Сарайында жастар арасында әр аудан, қала бойынша Республикалық «Жас Қанат – 2024» байқауына облыстық іріктеу кезеңі өткізілді.

Аталмыш байқауға «Мейірім» балалар шығармашылық орталығы тұрақты қатысушылар ретінде екінші мәрте қатысып отыр. Өткен жылы өткізілген байқауда Адия Талғат республикаға жолдама алған еді.
Биыл орталық атынан 15 бала қатысты. Байқауға «Жас суретшілер» жанры бойынша қатысқан балалар «Азия дауысын» қалай елестететіні туралы сурет салды. Орталық оқушылары «Азия дауысын» үлкен дәрежеге жетіп әлемге танылу барысын салып қана қоймай, аспаптарды қағаз бетіне түсіру барысында анық түстерді пайдалана отырып әуен іспеттес бейнені салды. Нәтижесінде жүлделі орын алғандар арнайы марапатталып, республикаға жолдама алды. Атап айтсақ, Қарақат Мәлік, Адия Қабдолда және Анна Жиембаева. Қалған қатысушылар – Бекнұр Бейбіт, Сабрина Вишнякова, Альбина Гурьянова, Айдана Ержан, Айзере Ержан, Аяжан Есімхан, Махаббат Есмухамбет, Муджай Ақерке, Қарақат Сегізековалар арнайы Алғыс хаттармен марапатталды.
«Жас Қанат» байқауы еліміздің мәдени өмірінің ажырамас бөлігіне айналды. Ол тек Қазақстанда ғана емес, әлем бойынша сүйікті және танымал 100-ден астам орындаушыға жол ашты.

«АЛАТАУ-АҚПАРАТ»


ПІКІР ЖАЗУ