«МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР – МАҚТАНЫШЫМ»

0
505

Ескелді ауданының орталық алаңында «Мемлекеттік рәміздер – Мақтанышым» атты шара ұйымдастырылды.

Мекеме, мәдениет саласының қызметкерлері, аудан тұрғындары қатысқан салтанатты шарада аудан әкімі Елдос Ахметов жылы лебізін білдірді.
«Мемлекеттік рәміздер – еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігінің дәлелі екені бәрімізге мәлім. Бұл күнді мерекелеудің басты мақсаты – патриотизм, Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жетістіктерін мақтан тұту идеяларын кеңінен дәріптеу және дамыту болып табылады. Мемлекеттің рәміздері – Тәуелсіздігіміздің бір белгісі. Еліміздің символы болған рәміздерді қастерлеп, құрметтеу – бәріміздің міндетті парызымыз болып саналады. Тәуелсіздігіміз тұғырлы, елдігіміз ғұмырлы, рәміздер күні құтты болсын!» – деген аудан басшысы өңірдің дамуына үлес қосып жүрген бірнеше қызметкерді марапаттады.
Шара аясында ауданның белгілі спортшысы, 5 дүркін Темір адам атағының иегері Бақытжан Байтайұлы бастаған аудан жастарының велошеруі өткізілді.

Г. ЕРМҰХАНҚЫЗЫ.


ПІКІР ЖАЗУ