АҚЖОЛДЫҢ ЖЕҢІСІ

0
722

Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Ақжол Болат Сербияда өткен X еуропалық географиялық олимпиадада күміс жүлдегер атанды.

Бұл жарысқа қазақстандық жас географтармен қатар Ресей, Сербия, Болгария, Румыния, Босния, Герцеговина, Чехия, Литва, Дания және Словения елдерінен 200-ге жуық оқушы қатысты. Қазақстан құрамасына Республикалық және Халықаралық олимпиадалардың жүлдегері Абай Дүйсен жетекшілік етті.
Ақжол Болат география пәнінен бірқатар республикалық, желілік олимпиадалардың жеңімпазы. Жетістіктер қоржынында алты алтын және үш күміс медалі бар.
Жеңімпаздың айтуынша, Х еуропалық географиялық олимпиада Сербияның оңтүстігіндегі Копаоник ұлттық паркінде өткен. «Олимпиада кезінде біз табиғат аясында жаңа достар тауып, білім мен дағдыларды үйрендік. Олимпиада үш турдан тұрды, теориялық, мультимедиалық және далалық тур. Далалық турдың ерекшелігі – бұл оның Копаоник табиғи паркінің таулы ормандары арасында өткені, маған ұнаған бөлігі де сол», – дейді Ақжол.

«АЛАТАУ-АҚПАРАТ»


ПІКІР ЖАЗУ