«ТӘУЕЛСІЗДІК ҰРПАҚТАРЫ» ГРАНТЫНА ӨТІНІМ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ

0
296

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі жастардың жаңа және қолданыстағы бастамаларын мемлекеттік қолдау мақсатында «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын (бұдан әрі — грант) беру жөніндегі конкурстың басталғаны туралы хабарлайды.

Ағымдағы жылдың соңына дейін республикалық деңгейде 30 грант беру жоспарлануда.

Грант беру тәртібін жетілдіру мақсатында «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын беру қағидаларына бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, оның ішінде еліміздегі волонтерлік саланы қолдау мақсатында грант бағыттарының тізбесінде қосымша «волонтерлік» көзделген (ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 11 шілдедегі № 302-НҚ бұйрығы).

Грант туралы хабарландыру Министрліктің ресми сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/821575?lang=kk сілтемесі арқылы орналастырылған.

Аталған конкурсқа өтінімдер ұсыну 2024 жылдың 5 тамызынан бастап  6 қазан аралығы жүргізіледі.


ПІКІР ЖАЗУ