ӘЛЕУМЕТТІК САЛА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АРАСЫНДАҒЫ СПАРТАКИАДА

0
118

Қазан айының соңғы жексенбісі әлеуметтік сала қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. Осыған орай Талдықорғанда аталған сала қызметкерлері арасында алғаш рет спартакиада өтті.

Шағын футбол, дойбы, волейбол, үстел теннисі және бильярд сынды спорттың бес түрінен өткізілген жарысқа 21 команда құрамынан жалпы 400-ге жуық қызметші қатысты.
Жарыста топ жарып алға шыққан «Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар» мемлекеттік мекемесінің және осы бөлімге қарасты мекеме өкілдерінен құралған «Талдықорған Тарландары» құрама командасы жүлделі бірінші орынды еншіледі. Жеңімпаз атанған сайыскерлердің дерлігі арнайы дипломдармен, кубок, мақтау қағаз және арнайы медальдармен марапатталды.

«АЛАТАУ-АҚПАРАТ»


ПІКІР ЖАЗУ