АСЫҚ АТУ ТУРНИРІНІҢ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

0
231

«Respublica» партиясы 2024 жылғы 10-20 қазан аралығында ересектер арасында ұлттық асық спорты бойынша ашық аймақтық турнир өткізді.

Талдықорған қаласындағы Жастар спорт сарайында өткен асық атудан ересектер арасындағы чемпионатқа 20 адам қатысып, бақтарын сынады. Турнирде үздік деп танылған екі спортшы – Жасұлан Әбдірахманов пен Манас Хазтай 25 күні Астана қаласында өтетін «Respublica» ашық турниріне жолдама алды.
Айта кетейік, Республикалық турнир жеңімпазы автокөлік иесі атанатын болады.

«АЛАТАУ-АҚПАРАТ»


ПІКІР ЖАЗУ