ШЕКАРАШЫЛАР КЕЗДЕСУ КЕШІН ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

0
319

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасының жас сарбаздарымен «Мен жастарға сенемін!» атты кездесу кеші өтті. Шараны ұйымдастырушы Техникалық және кәсіби даярлық бөлімі бастығының орынбасары подполковник Айдын Дәрібаев.

Кеш қонақтары Алакөл аудандық Аналар кеңесінің төрағасы Ұлжалғас Дүйсебаева, аудандық «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының меңгерушісі Райхан Сейтханова, «Жастар» орталығының психологы Элдана Серікова.
Жастарға патриоттық тәрбие беруге бағытталған шарада ақыл-кеңестер айтылды, қазақ тілінің қоғамдағы орны туралы сөз қозғалды. Сонымен қатар, психологиялық ойындар ұйымдастырылды.
Кеш соңы өнерлі сарбаздардың шағын концертіне ұласты. Мадияр Аширов пен Сержан Игенбай ән салды. Нұрзат Лайықов «Еркесылқым» күйін тартты.

 

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті


ПІКІР ЖАЗУ