ҮЗДІКТЕР МАРАПАТТАЛДЫ

0
32

25 қаңтар мен 22 ақпан аралығында Талдықорған қаласы «Жетісу» волейбол клубында әуесқой командалар арасында волейболдан облыстық ашық чемпионат өтті.

Жарысқа облыстың түкпір-түкпірінен 16 команда қатысты. А және Б лигасының қорытындысы бойынша жеңімпаз «СХТ жастары» командасы болып тағайындалды. Ал 2 орынды «Қайнар АКБ» командасы алса, 3 орынды «GOPRINT ALASH» командасы қанжығалады. Жүлделі орын алған топтарға медаль мен ақшалай сыйлықтар табысталды.
– Бұл жарыс біздің қаламызда бірінші рет ұйымдастырылып отыр, алдағы уақытта көктемдік лига болады. Әлі де командалар саны толығады деген үміттемін. Біздің қарсыластарымыз бірінен-бірі өткен мықты, негізінен командалардың дені жастардан құралған, бұл көңіл қуантарлық жайт. Елдің болашағы жастардың қолында. Жарысты ұйымдастарған облыс әкімі Бейбіт Исабаевқа, қала әкімі Ернат Бәзілге және спорт кешеннің директоры Нияз Жантілеуовке де алғысымызды білдіреміз, — дейді Алишер Ерқасым.
Сонымен қатар, жиын соңында «СХТ жастары» командасының капитаны Алишер Ерқасым «Үздік ойыншы» атанды.

Талшын ЕРЛАНҚЫЗЫ


ПІКІР ЖАЗУ