ЖЫЛ БАСЫНАН 121 ЖОЛ-КӨЛІК АПАТЫ ТІРКЕЛГЕН

Жетісу облысы полиция департаменті, жергілікті полиция қызмет басқармасының бастығы, полиция полковнигі Мұхметов Қайсар Жақсылықбекұлы Талдықорған қаласында БАҚ өкілдерімен кездесті. Ол жол-көлік оқиғаларын алдын алу үшін жүргізілген «Қауіпсіз жол» жедел профилактикалық іс-шарасы барысында атқарылған жұмыстарды қорытындылады.
Кездесуде 2025 жылдың басынан бері орын алған жол-көлік оқиғалары бойынша сараптама жүргізіліп, өткен жылмен салыстыру жұмыстары жасалды. Нәтижесінде жыл басынан бері 121 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, өткен жылмен салыстырғанда 163%-ға өскен. Атап айтар болсақ, былтыр бұл кезеңде 46 жол-көлік оқиғасы тіркелген.
Сонымен қатар, қала ішіндегі жол-көлік камераларының жұмысы, әкімшілік құқық бұзушылық кезеңінде жүргізілетін шаралар, ҚР азаматтығы жоқ адамдардың жауапқа тартылуы секілді тақырыптағы мәселелер де талқыланды. Статистикаға сүйенсек, облыс бойынша жол апаты көптеп орын алатын аймақтардың көшін Талдықорған қаласы мен Панфилов ауданы бастап тұр. Полиция полковнигі бұл мәселелер бойынша алдағы күндері арнайы жұмыстар жүргізілетінін мәлімдеді.
Талшын ИЕМБЕРДИЕВА