ТАЛДЫҚОРҒАН КӨШЕСІНЕ САҒАДАТ НҰРМАҒАНБЕТОВТІҢ ЕСІМІ БЕРІЛДІ

0
16

Жетісу облысында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Талдықорған қаласындағы көшеге Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, Армия генералы, тұңғыш Қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағанбетовтің атына көше беру салтанаты өтті. Жиынға облыс әкімі Бейбіт Исабаев, Батырдың немересі Айжан Нұрмағамбетова, әскери қызметшілер, ардагерлер, қала жұртшылығы қатысты.

Көше атауын беру туралы бастаманы алғашқы болып Талдықорған қалалық Қарулы Күштер Ардагерлер кеңесінің өкілдері көтерген болатын. Бұл бастама тиісті ономастикалық комиссия тарапынан қолдау тапты. Атап өтсек, облыс орталығының «Шығыс» шағын ауданында орналасқан, бұрын атауы болмаған бұл көшенің ұзындығы 1,7 шақырым. Және бұл – Талдықорғанда Халық қаһарманы атағына ие адамға беріліп отырған алғашқы көше.
Мерекелік жиында алдымен көше атауы белгісі салтанатты түрде ашылды. Талдықорған әскери гарнизонының үрмелі аспаптар оркестрі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін орындап, атқыштар тобы салтанатты түрде аспанға оқ атты.

ӨЗ ТІЛШІМІЗ


ПІКІР ЖАЗУ