ҰСЫНЫСТАР  (ЖАРИЯ ОФЕРТА). ПРЕДЛОЖЕНИЯ (ПУБЛИЧНАЯ ОФЕРТА)

0
50
ҰСЫНЫСТАР  (ЖАРИЯ ОФЕРТА)

«КҚЕО-Талдықорған» ЖШС Сізге төменде келтірілген шарт негізінде Жетісу және Алматы облысының аумақтық бірліктерінде газ тұтыну жүйелері мен газ жабдықтарына техникалық қызмет көрсету жұмыстарын орындауды ұсынады.

Осы ұсыныс жария ұсыныс (Жария оферта) болып табылады және Сіз өтінім берген кезде және/немесе орындалған жұмыстар актісіне қол қойылған кезден бастап Сіздің тарапыңыздан қабылданған (Акцепт) болып есептеледі.

Тұрмыстық тұтынушылардың газ тұтыну жүйелері мен газ жабдықтарына техникалық қызмет көрсету шарты

Осы Шарт жария шарт болып табылады және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 12 қарашадағы №117 бұйрығымен бекітілген Үлгі шартының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 387-бабының, 394-бабы 2-тармағының, 395-бабының 1 және 5-тармақтарының, 396-бабының 3-тармағының негізінде жасалады.

Бұдан әрі «Орындаушы» деп аталатын, «КҚЕО-Талдықорған» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі атынан Жарғы негізінде әрекет ететін директор Исмагулов А.А.  бір тараптан, және бұдан әрі «Тапсырыс беруші» деп аталатын, газ тұтыну жүйелері мен газ жабдықтарын пайдаланатын әрекетке қабілетті жеке тұлға екінші тараптан, төмендегілер туралы осы шартты жасасты:

1-тарау. Шарттың нысанасы

1. Осы Шартқа сәйкес Орындаушы Тапсырыс берушінің тұрғын (тұрғын емес) үй-жайында орнатылған газ тұтыну жүйелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарын жүргізуге міндеттенеді, ол өз кезегінде, жоғарыда көрсетілген жұмыстарды қабылдауға және оған ақы төлеуге міндеттенеді.

2. Газ тұтыну жүйелеріне техникалық қызмет көрсету мыналарды қамтиды:

1) газ жабдығын орнатудың және газ құбырларын тартудың газбен жабдықтау жобасына және абонент карточкасына сәйкестігін тексеру (визуалды түрде);

2) газ құбырларына және газ жабдығына еркін қол жеткізудің бар-жоғын тексеру (визуалды түрде);

3) газ құбырларының боялу және бекітілу жай-күйін, ғимараттың сыртқы және ішкі конструкциялары арқылы газ құбырлары тартылатын жерлерде футлярлардың болуын және тұтастығын тексеру;

4) газ құбырларының және арматураның, тұрмыстық газ жабдықтарының герметикалық жалғанған жерлерін аспаптық әдіспен немесе сабынды эмулсиямен тексеру;

5) газ жабдығының тұтастығы мен жарақталуын тексеру;

6) газ құбырларында орнатылған крандардың жұмыс қабілеттілігі мен майлануын тексеру;

7) түтіндік және желдеткіш каналдардың тарту күшін, газ жабдығын түтіндік каналымен жалғастырушы құбырлардың жай-күйін, жану үшін ауа ағымының бар-жоғын тексеру;

8) тұрмыстық газ жабдығының крандарын бөлшектеу және майлау;

9) тұрмыстық газ жабдығының қауіпсіздік автоматикасының жұмыс қабілеттілігін, оның жөнделгендігін және реттелгендігін тексеру;

10) жанарғыны ластанудан тазалау, жабдықтың барлық жұмыс режимінде газдың жану процесін реттеу;

11) газ жабдығының жекелеген тораптары мен бөлшектерін ауыстыру немесе жөндеу қажеттілігін анықтау;

12) газ жанарғысының, жабдықты жандырғанға дейін және одан кейін түтін тартқыштың болуын міндетті тексеру туралы ескертетін түтіндікке жану өнімін бұратын аспаптардың қасында арнайы тақтайшалардың бар-жоғын тексеру;

13) тұтынушыларға келесі техникалық қызмет көрсету күні мен Орындаушының байланыс деректері көрсетілген жадынама бере отырып, тұрмыста газды қауіпсіз пайдалану қағидалары бойынша жыл сайынғы нұсқама беру;

14) шкафтағы реттеуіш пункттеріне, газ құбырларын тоттанудан қорғау қондырғыларына қызмет көрсету (олар болған жағдайда);

15) Тапсырыс берушіге тиесілі газ құбырларын қажеттілігіне қарай сырлау;

16) қажет болған кезде газ тұтыну жүйелерін сулы-мұзды бітелулерінен тазарту.

3. Техникалық қызмет көрсетуге жататын газ жабдығының атауы, тұрпаты мен саны осы Шартқа қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделетін абонент карточкасында көрсетіледі.

4. Үйішілік газ жабдығын жөндеу жөніндегі жұмыстар және осы Шартта көзделген жұмыстар, оның ішінде тораптар мен бөлшектерді ауыстыру тапсырыс берушінің өтінімі бойынша жүзеге асырылады.

5. Осы Шарттың 2-тармағында санамаланған жұмыстар тапсырыс берушіде техникалық регламенттер мен ұлттық және (немесе) мемлекетаралық стандарттарға сәйкес келетін, дұрыс жұмыс істейтін және түтін мен желдетпе арналары тексерістерден уақтылы өткізілген газ жабдығы болған кезде іске асырылады.

2-тарау. Орындаушының құқықтары мен міндеттері

6. Орындаушы:

1) Шарттың талаптарына сәйкес техникалық қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарды уақытылы және сапалы орындауды қамтамасыз етуге;

2) газ тұтыну жүйелеріне техникалық қызмет көрсетуді жылына кемінде бір рет орындауға;

3) тапсырыс беруші жоспардан тыс жұмыстарды (өтінім бойынша жөндеу) жүргізу қажеттігі туралы өтініш жасаған кезде, оларды келісілген мерзімдерде орындауға;

4) Тапсырыс берушіні газ жабдығын пайдалану жөнінде бастапқы және қайта нұсқамадан өткізуге;

5) газ берушіні Тапсырыс берушіге газ беруді тоқтату қажеттілігі туралы мынадай жағдайларда хабардар етуге:

орнатылған газ жабдығын өз бетінше тасымалдау, монтаждау және бөлшектеу және қосымша газ жабдығын өз бетінше орнату, газ жабдығын мақсатынан тыс пайдалану, оларды пайдалану жөніндегі нұсқаулықтардың талаптарын бұза отырып, газ жабдығын пайдалану кезінде;

6) осы Шарттың қолданылуы тоқтатылған кезде Тапсырыс берушінің газ тұтыну жүйесі мен газ жабдығына техникалық қызмет көрсетуді тоқтату туралы газ берушіні хабардар етуге міндетті.

7. Орындаушы:

1) газ берушіні Тапсырыс берушіге газ беруді тоқтату қажеттілігі туралы мынадай жағдайларда:

аварияларды жою кезінде;

жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізген кезде;

газ жабдығының, түтіндік және желдеткіш каналдарының қанағаттанарлықсыз жай-күйінде және бұзылған жағдайында, техникалық жай-күйі туралы оң қорытындымен қоса тексеру актілері болмаған кезде;

газ жабдығын өз бетінше ауыстыру, монтаждау және демонтаждау, қосымша газ жабдығын өз бетінше орнату, газ жабдығын мақсатқа сай пайдаланбау, оларды пайдалану жөніндегі нұсқаулықтардың талаптарын бұза отырып газ жабдығын пайдалану кезінде;

Тапсырыс беруші газ тұтыну жабдықтарына және газ жабдығына техникалық қызмет көрсету (жөндеу) үшін Орындаушының өкілдеріне қол жеткізуді қамтамасыз етпеген кезде, оны жазбаша ескерткеннен кейін екі ай өткен соң хабардар етуге құқылы. Бұл ретте Орындаушы жоғарыда көрсетілген негіздер бойынша газ беруді тоқтату нәтижесінде Тапсырыс берушіде пайда болған шығындар, залалдар үшін жауапты болмайды;

2) Тапсырыс берушінің өтінімі бойынша қолданыстағы газ тұтыну жүйесінің жаңадан орнатылған газ жабдығын іске қосуды, жөндеуді, осы Шартпен көзделмеген жеке төлем үшін газ аспаптарының тораптары мен бөлшектерін ауыстыруды жүргізуге;

3) Тапсырыс берушінің дербес деректерін жинауға, өңдеуге және оларды үшінші тұлғаларға беруге;

4) Осы Шарттың талаптарына сәйкес газ тұтыну жүйелері мен газ жабдығына техникалық қызмет көрсеткені үшін төлемді уақытында әрі толық көлемде алуға құқылы.

3-тарау. Тапсырыс берушінің құқықтары мен міндеттері

8. Тапсырыс беруші:

1) газ жабдығын пайдалану жөніндегі нұсқаулықтарға және тұрмыста газды қауіпсіз пайдалану талаптарына сәйкес оны пайдалануын қамтамасыз етуге;

2) газ жабдығы, түтіндік пен желдеткіш каналдары жарамсыз болған, газдың иісі шыққан кезде, газды пайдалануды жедел тоқтатуға және Орындаушы мен газ тарату ұйымының авариялық қызметіне, топтық резервуарлық қондырғы иесіне немесе газ толтыру станциясының иесіне хабарлауға, үй-жайдың өтпелі желдетілуін қамтамасыз етуге;

3) түтіндік және желдеткіш каналдарын жаппауға, тығындамауға, жапсырмауға, қоқыспен толтырмауға;

4) Орындаушының өкіліне (қызметтік куәлікті немесе жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде), газ жабдығына жөндеу қажет болған кезде — қарап тексеру үшін, ал авариялық жағдайлар кезінде — тәуліктің кез келген уақытында қол жеткізуді қамтамасыз етуге міндетті. Орындаушы техникалық қызмет көрсетуді жүргізген кезде газдандырылған объектіге газбен жабдықтау жобасының (атқарушы-техникалық құжаттаманың) көшірмесін ұсынуға;

5) қолданыстағы жабдықты және газ құбырларын, түтіндік және желдеткіш каналдарын өз бетінше газдандыру, бөлшектеу, құрылысын өзгерту және жөндеу (оның ішінде ауыстыру), қосымша газ жабдығын монтаждау жөніндегі жұмыстарды жүргізбеуге және оларды жүргізуге жол бермеуге;

6) газ жабдығының алдында және ажыратқышта (тіреуіштер) іске қосу крандарының орналасқан жерін бітемеуге;

7) газ жабдығын қауіпсіз пайдалану туралы бұзушылықтарды анықтау/жою актісіне сәйкес, орындаушы анықтаған бұзушылықтарды жоюға;

8) бес жұмыс күнінің ішінде орындаушыға техникалық қызмет көрсетілуге жататын жабдықтар санының өзгеруі туралы хабардар етуге;

9) осы Шарттың талаптарына сәйкес орындалған жұмыстар үшін төлемді төлеуге міндетті.

8-1) Тапсырыс беруші:

1)  Жұмысты бастамас бұрын Орындаушының қолданыстағы прейскурантымен танысуға;

2)  Орындалған жұмыстардың актісіне өзі немесе өкілдері (тұрмыстық тұтынушы — Тапсырыс берушінің тарапынан кәмелетке толған (18 жасқа толған әрекетке қабілетті тұлға) отбасы мүшелері (ата-анасы, жұбайы, бауырлары, әпке-қарындастары, балалары), тұрғын үйді жалдаушылар немесе бірге тұратын өзге де тұлғалар) қол қоюға. Орындалған жұмыстар актісінде қол қойған өкілдің Тапсырыс берушіге кім екендігі міндетті түрде көрсетіледі.

3)  Газ жабдығын қауіпсіз пайдалану бойынша бұзушылықтарды анықтау/жою актісіне сәйкес анықталған бұзушылықтар жойылғаннан кейін, Тапсырыс беруші өз есебінен қайта техникалық қызмет көрсетуге өтінім беруге құқылы.

4-тарау. Көрсетілетін қызметтер құны мен ақы төлеу тәртібі

9. Техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыстардың құны Орындаушының қолданыстағы прейскуранты негізінде айқындалады. Осы Шарт бойынша газ тұтыну жүйелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарға ақы төлеу тараптардың келісімі бойынша жылына бір рет Орындаушының есеп шотына аудару арқылы жүргізіледі.

10. Орындаушы орындалған жұмыстардың актісін Тапсырыс берушіге есепті айдан кейінгі айдың бесінші күніне дейін жібереді.

11. Тапсырыс беруші Орындаушы жіберген орындалған жұмыстардың актісіне алынған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде қол қояды немесе Орындаушыға жазбаша дәлелді бас тартуды ұсынады.

12. Орындаушы Тапсырыс берушінің ескертулерін жояды.

13. Орындалған жұмыстар актісіне қол қойылған күні Орындаушы Тапсырыс берушіге орындалған жұмыстарға ақы төлеу үшін QR-код береді немесе Тапсырыс беруші орындалған жұмыстарға банктік қосымшалар арқылы ақы төлеуге мүмкіндігі болады, қажет болған жағдайда Орындаушы төлем шотын береді.

14. Тапсырыс беруші осы Шарттың 13-тармағы, қойылған шот және орындалған жұмыстардың қол қойылған актісі негізінде күнтізбелік 5 күн ішінде Орындаушының есеп шотына ақша қаражатын аудару жолымен төлем жүргізеді.

15. Төлем орындаушының шотына ақшаның түсу фактісі бойынша жасалған болып саналады.

16. Осы Шарт бойынша ақы төлеу мөлшері Тапсырыс берушіге тиесілі газ жабдығының саны немесе газ желілерінің ұзындығы өзгерген кезде өзгертілуі мүмкін. Техникалық қызмет көрсету құнын қайта есептеу кезінде орындаушы газ тұтыну жүйелері мен газ жабдықтарына техникалық қызмет көрсету шартына өзгерістер енгізеді.

5-тарау. Тараптардың жауапкершілігі

17. Тапсырыс беруші осы Шарттың талаптарын бұзған кезде Орындаушы газ тұтыну жүйесінің жұмысына жауапты болмайды және кепілдік бермейді.

18. Тапсырыс беруші техникалық қызмет көрсету жөніндегі орындалған жұмыстарға уақтылы ақы төлемеген кезде, соңғысы Орындаушының талабы бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі белгілеген қайта қаржыландырудың 1,5 еселік мөлшерлемесі көлемінде қарызды толық өтеген сәтке дейін әрбір мерзімі өткен күн үшін қарыз сомасынан өсімпұл төлеуге міндеттенеді.

19. Орындаушыға газ тұтыну жүйелеріне қолжетімділік берілмеген кезде, газ тұтыну жүйелерінің жарамды техникалық жай-күйі үшін Тапсырыс беруші жауапты болады.

20. Газ тұтыну жүйелеріне техникалық қызмет тиісті түрде көрсетілмеген кезде, Орындаушы өз есебінен қайта техникалық қызмет көрсетуді жүргізеді.

21. Осы Шарттың талаптарын тиісінше орындамаған кезде Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапты болады.

6-тарау. Шарттың жасалған күні және  қолданылу мерзімі

22. Шарт оны жасасқан сәттен бастап күшіне енеді және тараптар үшін міндетті болады және газ тұтыну жүйелерін пайдалану кезеңінде, ал есеп айырысулар мен қаржылық міндеттемелер бойынша — олар толық аяқталғанға дейін қолданылады.

23. Осы Шарт келесі бір немесе бірнеше іс-әрекеттер жасалған сәттен бастап жасалған болып есептеледі және күшіне енеді (оферта акцепті):

— жұмыстарды көрсетуге өтінім беру;

— орындалған жұмыстар актісіне қол қою.

Жоғарыда аталған әрекеттердің кез келгенін жасау осы Шарттың барлық талаптарын толық және сөзсіз қабылдауды білдіреді.

7-тарау. Шартты бұзу тәртібі

24. Шарт орындалған жұмыстар актісіне қол қойылған күннен бастап 12 (он екі) ай өткен соң, ал есеп айырысулар мен қаржылық міндеттемелер бойынша – олар толық аяқталғанға дейін бұзылды деп есептеледі.

25. Орындаушы осы Шартты шартты бұзу күніне дейін, Тапсырыс берушіні кемінде күнтізбелік 30 күн бұрын хабардар еткенде, келесі жағдайларда біржақты тәртіппен бұзуға құқылы:

— жұмыстарды орындаған күннен бастап 30 күнтізбелік күннен артық қарыз болған кезде;

— Өтінімде көрсетілген, тараптармен келісілген мерзімде Тапсырыс беруші газ тұтыну жүйелері мен газ жабдықтарына техникалық қызмет көрсету үшін Орындаушының өкілдеріне 2-реттен артық қолжетімділік берілмеген кезде;

26. Газ жабдығын қауіпсіз пайдалану туралы бұзушылықтарды анықтау/жою актісіне сәйкес, Орындаушымен анықтаған газ жабдығын қауіпсіз пайдалану жөніндегі бұзушылықты жою бойынша жұмыстар уақтылы орындалмаған және/немесе орындалмаған жағдайда шарт бұзылған болып есептеледі.

27. Тапсырыс беруші Осы шартты орындалған жұмыстар үшін толық төлем бергенде және Шартты бұзу күніне Орындаушыны күнтізбелік 30 күн бұрын хабардар еткен жағдайда (қағаз немесе электрондық түрде) біржақты тәртіппен бұзуға құқылы

28. Осы Шарт бұзылған кезде Шартты бұзу туралы жеке келісімге қол қою талап етілмейді.

8-тарау. Шарттың қорытынды ережелері

29. Осы Шарт бойынша немесе оған байланысты барлық даулар мен келіспеушіліктер Тараптар арасындағы келіссөздер жолымен шешіледі.

30. Туындаған дауларды немесе келіспеушіліктерді келіссөздер жолымен шешу мүмкін болмаған кезде олар сот тәртібінде шешілуге жатады.

31. Тараптар осы Шарт жасалған күннен бастап тараптар арасында бұрын жасалған Тұрмыстық тұтынушылардың газ тұтыну жүйелері мен газ жабдықтарына техникалық қызмет көрсету шарттары бұзылған деп танылатынын мойындайды және келіседі.

32. Тараптар арасындағы хабарламалар мен өзге де өтініштер орындалған жұмыстар актісінде және\немесе өтінімде көрсетілген нөмірлерге хабарламалар (SMS, WhatsApp, Telegram және т.б.) арқылы жіберіледі

33. Осы Шартпен реттелмейтін мәселелер бойынша тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын басшылыққа алады.

34. Осы Шартқа қосыла отырып, Тапсырыс беруші Орындаушыға өзінің жеке деректерін жинауға және өңдеуге келісімін беретінін және рұқсат ететінін растайды, сондай-ақ Орындаушыға осы Шартты орындау  үшін қаржы мекемелеріне және үшінші тұлғаларға жеке деректерін беруіне келісім береді.

Дербес деректерді өңдеу деп дербес деректерді жинауды, сақтауды, өзгертуді, толықтыруды, пайдалануды, таратуды, иесіздендіруді, бұғаттауды және жоюды, оның ішінде осы Шартта көзделген қызметтерді көрсету процесінде дербес деректерді беруді қоса алғанда, дербес деректермен жасалған іс-әрекеттер (операциялар) түсініледі.

9- тарау. Тараптардың деректемелері

35. Тапсырыс беруші мен Орындаушының деректемелері Орындалған жұмыстардың актісінде.

ПРЕДЛОЖЕНИЯ (ПУБЛИЧНАЯ ОФЕРТА)

ТОО «РЦКУ-Талдыкорган» предлагает выполнить для Вас работы по техническому обслуживанию газопотребляющих систем и газового оборудования на условиях договора, размещенного ниже, в следующих территориальных единицах: область Жетысу и Алматинская область (список населенных пунктов присутствия по ТО ВДГО).

Настоящее предложение является публичным предложением (Публичная оферта), и считается принятой с Вашей стороны (Акцептом) при подаче Вами заявки на выполнение работ и\или подписания Вами акта выполненных работ.

Договор технического обслуживания газопотребляющих систем и газового оборудования бытовых потребителей

Настоящий Договор является публичным и заключается на основании и в соответствии с Типовым договором, утвержденного приказом Министра энергетики РК от 12 ноября 2014 года № 117 и ст.387, а также п.2, ст.394, п.1 и 5 ст.395, п.3, ст.396 ГК РК.

Товарищество с ограниченной ответственностью «РЦКУ-Талдыкорган» в лице директора Исмагулова А.А., действующего на основании Устава, именуемое в дальнейшем «Исполнитель», с одной стороны, и дееспособное физическое лицо, эксплуатирующее газопотребляющие системы и газовое оборудование, именуемое в дальнейшем «Заказчик», заключили настоящий договор (далее – Договор) о нижеследующем.

Глава 1. Предмет Договора

1. В соответствии с настоящим Договором Исполнитель обязуется производить выполнение работ по техническому обслуживанию газопотребляющих систем, установленных в жилом (нежилом) помещении заказчика, который, в свою очередь, обязуется принимать и оплачивать вышеуказанные работы.

2. Техническое обслуживание газопотребляющих систем включает в себя:

1) проверку (визуальную) соответствия установки газового оборудования и прокладки газопроводов проекту газоснабжения и карточке абонента;

2) проверку (визуальную) наличия свободного доступа к газопроводам и газовому оборудованию;

3) проверку состояния окраски и креплений газопровода, наличие и целостность футляров в местах прокладки газопроводов через наружные и внутренние конструкции зданий;

4) проверку герметичности соединений газопроводов и арматуры, бытового газового оборудования приборным методом или мыльной эмульсией;

5) проверку целостности и укомплектованности газового оборудования;

6) проверку работоспособности и смазку кранов, установленных на газопроводах;

7) проверку наличия тяги в дымовых и вентиляционных каналах, состояние соединительных труб газового оборудования с дымовым каналом, наличие притока воздуха для горения;

8) разборку и смазку кранов бытового газового оборудования;

9) проверку работоспособности автоматики безопасности бытового газового оборудования, ее наладку и регулировку;

10) очистку горелок от загрязнений, регулировку процесса сжигания газа на всех режимах работы оборудования;

11) выявление необходимости замены или ремонта отдельных узлов и деталей газового оборудования;

12) проверку наличия специальных табличек у газовых горелок, приборов с отводом продуктов сгорания в дымоход, предупреждающих об обязательной проверке наличия тяги до и после розжига оборудования;

13) ежегодный инструктаж потребителей по правилам безопасного пользования газом в быту с предоставлением памятки с указанием даты следующего технического обслуживания и контактных данных Исполнителя;

14) обслуживание шкафных регуляторных пунктов, установок защиты газопроводов от коррозии (при их наличии);

15) покраску газопроводов, принадлежащих заказчику, по мере необходимости;

16) очистку газопотребляющих систем от водяных ледяных закупорок при необходимости.

3. Наименование, тип, страна производитель и количество газового оборудования, подлежащего техническому обслуживанию, указываются в карточке абонента, оформляемой по форме согласно приложению к настоящему Договору.

4. Работы по ремонту внутридомового газового оборудования и работы, не предусмотренные в настоящем Договоре, в том числе с заменой узлов и деталей, осуществляются по письменной заявке заказчика за отдельную плату.

5. Работы, перечисленные в пункте 2 настоящего Договора, осуществляются при наличии у Заказчика газового оборудования, соответствующего техническим регламентам и национальным стандартам, исправных и своевременно прошедших осмотры дымовых и вентиляционных каналов.

Глава 2. Права и обязанности Исполнителя

6. Исполнитель обязан:

1) обеспечивать своевременное и качественное выполнение работ по техническому обслуживанию в соответствии с условиями Договора;

2) выполнять техническое обслуживание газопотребляющих систем не реже одного раза в год;

3) при обращении Заказчика о необходимости проведения внеплановых работ (ремонт по заявке), выполнить их в согласованные сроки;

4) проводить первичный и повторный инструктажи Заказчику по эксплуатации газового оборудования;

5) уведомить поставщика газа о необходимости прекращения подачи газа заказчику в следующих случаях:

при самовольном переносе, монтаже и демонтаже установленного газового оборудования, и самовольной установке дополнительного газового оборудования, использовании газового оборудования не по назначению, эксплуатации газового оборудования с нарушением требований инструкций по их эксплуатации;

6) при прекращении действия настоящего Договора уведомить Поставщика газа о прекращении технического обслуживания газопотребляющей системы и газового оборудования Заказчика.

7. Исполнитель имеет право:

1) уведомить поставщика газа о необходимости прекращения подачи газа заказчику в следующих случаях:

во время ликвидации аварий;

во время проведения плановых ремонтных работ;

при неудовлетворительном состоянии и неисправности газового оборудования, дымовых и вентиляционных каналов, отсутствии актов обследования с положительным заключением о техническом состоянии;

при самовольном переносе, монтаже и демонтаже газового оборудования, самовольной установке дополнительного газового оборудования, использовании газового оборудования не по назначению, эксплуатации газового оборудования с нарушением требований инструкций по их эксплуатации;

по истечении двух месяцев после письменного предупреждения Заказчика, при необеспечении Заказчиком доступа представителям Исполнителя для технического обслуживания (ремонта) газопотребляющих систем и газового оборудования. При этом Исполнитель не несет ответственности за потери, убытки, возникшие у Заказчика в результате прекращения подачи газа по вышеуказанным основаниям;

2) по заявке Заказчика производить пуск вновь установленного газового оборудования действующей газопотребляющей системы, ремонт, замену узлов и деталей газовых приборов за отдельную плату, не предусмотренную настоящим Договором;

3) на сбор, обработку и передачу третьим лицам персональных данных Заказчика.

4) своевременно и в полном объеме получать оплату за техническое обслуживание газопотреблящих систем и газового оборудование в соответствии с условиями настоящего Договора.

Глава 3. Права и обязанности Заказчика

8. Заказчик обязан:

1) обеспечить эксплуатацию газового оборудования в соответствии с инструкциями по их эксплуатации, с соблюдением требований безопасности использования газа в быту;

2) при неисправности газового оборудования, дымовых и вентиляционных каналов, появлении запаха газа немедленно прекратить пользование газом и сообщить Исполнителю и в аварийную службу Газораспределительной организации, владельцу групповой резервуарной установки или владельцу газонаполнительной станции, обеспечить сквозное проветривание помещения;

3) не перекрывать, не закупоривать, не заклеивать, не засорять дымовые и вентиляционные каналы;

4) обеспечивать доступ представителю Исполнителя (по предъявлению служебного удостоверения или документа, удостоверяющего личность) к газовому оборудованию для осмотра, при необходимости ремонта, а при аварийных ситуациях – в любое время суток. При проведении Исполнителем технического обслуживания представить копию проекта газоснабжения (исполнительно-технической документации) на газифицированный объект;

5) не производить и не допускать проведение работ по самовольной газификации, демонтажу, изменению конструкции и ремонту (в том числе замене) действующего оборудования и газопроводов, дымовых и вентиляционных каналов, монтажу дополнительного газового оборудования;

6) не загромождать места расположения кранов на вводе перед газовым оборудованием и на разводке (стояка);

7) устранить выявленные Исполнителем нарушения, согласно акту по выявлению/устранению нарушений по безопасной эксплуатации газового оборудования;

8) в течение пяти рабочих дней сообщать Исполнителю об изменении количества оборудования, подлежащего техническому обслуживанию.

9) производить оплату за выполненные работы в соответствии с условиями настоящего Договора.

8-1. Заказчик имеет право:

1) ознакомится с действующим прейскурантом Исполнителя до начала работ;

2) подписать акт выполненных работ самостоятельно либо представителями (со стороны бытового потребителя-заказчика допускается подписание совершеннолетними (дееспособное лицо старше 18 лет) членами семьи (родители, супруги, братья, сестры, дети) квартиросъемщиками или другими совместно проживающими лицами. В Акте выполненных работ в обязательном порядке указывается кем является представитель по отношению к Заказчику;

3) После устранения нарушений, согласно акта по выявлению/устранению нарушении по безопасной эксплуатации газового оборудования, Заказчик вправе за свой счет заказать повторное техническое обслуживание.

Глава 4. Стоимость услуг и порядок оплаты

9. Стоимость работ по техническому обслуживанию определяется на основании действующего прейскуранта Исполнителя. Оплата работ по техническому обслуживанию газопотребляющих систем по настоящему Договору производиться по согласованию сторон один раз в год путем перечисления на расчетный счет Исполнителя.

10. Исполнитель направляет акт выполненных работ заказчику нарочно, электронной почтой, почтовым отправлением до пятого числа месяца, следующего за отчетным.

11. Заказчик подписывает акт выполненных работ, направленный Исполнителем, в течение пяти календарных дней со дня получения или предоставляет Исполнителю письменный мотивированный отказ.

12. Исполнитель устраняет выявленные замечания Заказчика.

13. В день подписания акта выполненных работ Исполнитель для оплаты выдает Заказчику QR-код либо Заказчик имеет возможность оплаты за оказанные работы через банковские приложения, при необходимости, Исполнитель выставляет счет на оплату.

14. Заказчик на основании п.13 настоящего Договора и подписанного акта выполненных работ в течение 5 календарных дней производит оплату путем перевода денежных средств на расчетный счет Исполнителя.

15. Платеж считается совершенным по факту поступления денежных средств на расчетный счет Исполнителя.

16. Размер оплаты по настоящему Договору может быть изменен при изменении количества газового оборудования или протяженности газовых сетей, принадлежащих заказчику. При произведении перерасчета стоимости технического обслуживания Исполнитель вносит изменения в договор технического обслуживания газопотребляющих систем и газового оборудования.

Глава 5. Ответственность сторон

17. Исполнитель не несет ответственности и не гарантирует работу газопотребляющей системы при нарушении Заказчиком условий настоящего Договора.

18. При несвоевременной оплате Заказчиком выполненных работ по техническому обслуживанию, последний обязуется по требованию Исполнителя уплатить пеню в размере 1,5 ставки рефинансирования, установленной Национальным Банком Республики Казахстан, от суммы долга за каждый день просрочки до полного погашения задолженности.

19. При не предоставлении Исполнителю доступа к газопотребляющим системам, ответственность за исправное техническое состояние газопотребляющих систем несет Заказчик.

20. При ненадлежащем проведении технического обслуживания газопотребляющих систем Исполнитель проводит повторное техническое обслуживание за свой счет.

21. При ненадлежащем исполнении условий настоящего Договора, Стороны несут ответственность в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.

Глава 6. Дата заключения и срок действия Договора

22. Договор вступает в силу и становится обязательным для сторон с момента его заключения и действует на период эксплуатации газопотребляющих систем, а по расчетам и финансовым обязательствам – до полного их завершения.

23. Настоящий Договор считается заключенным и приобретает силу (акцепт оферты) с момента совершения одного или нескольких следующих действий:
—подачи заявки на оказание работ;

—подписания акта выполненных работ.

Совершение любого из вышеуказанных действий означает полное и безоговорочное принятие всех условий настоящего Договора.

 

Глава 7. Порядок расторжения договора

24. Договор считается расторгнутым по истечении 12 (двенадцать) месяцев с даты подписания акта выполненных работ, а по расчетам и финансовым обязательствам – до полного их завершения.

25. Исполнитель вправе расторгнуть настоящий Договор в одностороннем порядке при условии уведомления Заказчика не менее чем за 30 календарных дней, до даты расторжения в следующих случаях:

— при наличии задолженности более 30 календарных дней, со дня выполнения работ;

— при необеспечении Заказчиком доступа представителям Исполнителя для технического обслуживания газопотребляющих систем и газового оборудования в согласованные сторонами сроки, указанные в заявке более 2-х раз.

26.  Договор считается расторгнутым при несвоевременном выполнении и/или невыполнении работ по устранению нарушении по безопасной эксплуатации газового оборудования выявленных Исполнителем, согласно акта по выявлению/устранению нарушении по безопасной эксплуатации газового оборудования.

27. Заказчик вправе расторгнуть настоящий Договор в одностороннем порядке при условии уведомления (в бумажном или электронном виде) Исполнителя не менее чем за 30 календарных дней до даты расторжения и полной оплаты выполненных работ.

28. При расторжении настоящего Договора подписание отдельного Соглашения о расторжении Договора не требуется.

Глава 8. Заключительные положения Договора

29. Все споры и разногласия по настоящему Договору или в связи с ним решаются путем переговоров между сторонами.

30. При невозможности решения возникших споров или разногласий путем переговоров они подлежат разрешению в судебном порядке.

31. Стороны признают и соглашаются, что с даты заключения настоящего Договора, Договора технического обслуживания газопотребляющих систем и газового оборудования бытовых потребителей заключенные между Сторонами ранее, признаются расторгнутыми.

32. Уведомления и иные обращения между сторонами направляются посредством сообщений (SMS, WhatsApp, Telegram и т.д.), на номера, указанные в акте выполненных работ и\или заявке.

33. По вопросам, не урегулированным настоящим Договором, стороны руководствуются действующим законодательством Республики Казахстан.

34. Присоединяясь к настоящему Договору, Заказчик выражает свое согласие и дает разрешение Исполнителю на сбор и обработку его Персональных данных, а также согласие на передачу Исполнителем персональных данных финансовым учреждениям и третьим лицам необходимых для исполнения настоящего Договора.

Под обработкой персональных данных понимаются действия (операции) с персональными данными, включая сбор, хранение, изменение, дополнение, использование, распространение, обезличивание, блокирование и уничтожение персональных данных, в том числе передачу персональных данных в процессе предоставления предусмотренных настоящим договором услуг.

Глава 9. Реквизиты сторон

35. Реквизиты Заказчика и Исполнителя указываются в Акте выполненных работ.

 


ПІКІР ЖАЗУ