«Алмалысу» шекара бөлімшесі – салауатты өмір салтының үлгісі

0
150

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасының «Алмалысу» шекара бөлімшесінің жеке құрамы салауатты өмір салтын берік ұстанады. Әскери қызметтің негізгі талаптарының бірі – мықты денсаулық пен жоғары физикалық дайындық, сондықтан сарбаздар күнделікті қызметінде де, бос уақытында да спортпен шұғылдануды әдетке айналдырған.

«Алмалысу» шекара бөлімшесінің әскери қызметкерлері үшін салауатты өмір салты – тек жеке денсаулықты сақтау емес, сондай-ақ Отан алдындағы борышты абыроймен атқарудың кепілі. Олардың ұстанымы жас буынға үлгі болып, спортқа қызығушылықты арттыруға және белсенді өмір салтын қалыптастыруға ықпал етеді.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша депаратаменті