«Ынталы» шекара бөлімшесі – салауатты өмір салтының жақтаушылары
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасының «Ынталы» шекара бөлімшесінің жеке құрамы салауатты өмір салтын ұстануды маңызды міндеттердің бірі ретінде қабылдайды. Әскерилер үшін мықты денсаулық пен жоғары физикалық дайындық – шекараны күзетудегі сенімділіктің басты кепілі. Сондықтан жеке құрам күнделікті жаттығулар жасап, спорттық жарыстарға белсене қатысып келеді.

«Ынталы» шекара бөлімшесінің әскери қызметшілері үшін салауатты өмір салты – тек жеке денсаулықты сақтау ғана емес, ел шекарасының қауіпсіздігін мықтап қорғаудың да кепілі. Олардың үлгісі жас буынға жігер беріп, спортқа және белсенді өмірге деген қызығушылықты арттырады.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша депаратаменті