Жас лейтенанттарды салтанатты қарсы алу рәсімі

0
26

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасына қарасты шекара бөлімшелерінде ҚР ҰҚК Шекара академиясын тәмамдаған жас лейтенанттарды салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті. Бұл – болашақ офицерлердің қызметтік жолындағы алғашқы қадамдарына арналған ерекше әрі тарихи сәт болды.


Салтанатты іс-шара барысында жас лейтенанттарға бөлімше басшылығы мен ардагерлер жылы лебіздерін білдіріп, Отан алдындағы борышты адал атқаруға, әскери антқа берік болуға шақырды. Олардың бойындағы білім мен дайындық ел шекарасының қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаратыны атап өтілді.
Жас офицерлер үшін бұл қабылдау рәсімі – үлкен сенім мен жауапкершілік жүгін арқалаудың бастамасы. Алдағы уақытта олар еліміздің мемлекеттік шекарасын қорғауда өздерінің кәсіби біліктілігін арттырып, жауынгерлік міндеттерін абыроймен орындауға дайын екендіктерін көрсетті.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша депаратаменті


ПІКІР ЖАЗУ