Абай – мәңгілік ғұмыр” атты тәрбие сағаты

0
27

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасының жеке құрамымен “З. Қойшыбаев” атындағы Алакөл аудандық мәдениет үйінің кітапханасында ұлы ақын, ағартушы Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай “Абай – мәңгілік ғұмыр” атты тағылымды тәрбие сағаты өтті.


Шара барысында қатысушылар Абайдың өмір жолы, шығармашылық мұрасы мен қазақ мәдениетіндегі орны туралы тың деректермен танысты. Ақынның өлеңдері мен қара сөздерінен үзінділер оқылып, оның адамгершілік, білім мен еңбекке шақырған өсиеттері кеңінен насихатталды. Әскери қызметкерлер мен кітапхана қызметкерлері арасында еркін пікір алмасу ұйымдастырылып, Абайдың идеяларының бүгінгі күнгі өзектілігі талқыланды.
Мұндай тәрбиелік мәні зор кездесулер жеке құрамның рухани дүниесін байытып, мәдени құндылықтарға деген құрметін арттырады. “Абай – мәңгілік ғұмыр” атты тәрбие сағаты әскери қызметкерлердің елжандылық сезімін күшейтіп, ұлт тарихына және рухани мұраға деген сүйіспеншілігін тереңдете түсті.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша депаратаменті


ПІКІР ЖАЗУ