Жағымсыз әрекеттердің алдын алу шарасы
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасының жеке құрамымен жағымсыз әрекеттердің алдын алуға арналған арнайы іс-шара өтті. Бұл жиынның мақсаты – әскери ортада тәртіпті сақтау, қызметтік міндеттерді адал орындау және моральдық-этикалық нормаларды қатаң ұстану қажеттілігін түсіндіру болды.
Шара барысында әскери қызметтің беделіне нұқсан келтіретін құқық бұзушылықтар мен теріс қылықтардың салдары туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Жеке құрамға заң талаптары, әскери жарғылар мен ішкі тәртіп ережелері еске салынды. Сондай-ақ, өмірлік жағдаяттарға байланысты мысалдар келтіріліп, мұндай әрекеттердің жеке адамға да, жалпы ұжымға да тигізер зияны талқыланды.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша депаратаменті