АБАЙ — МӘҢГІЛІК ҒҰМЫР
Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай ұйымдастырылып жатқан «Ұлы халықтың – ұлы Абайы» атты 10 күндік іс-шаралар тұжырымдамасы аясында, 2025 жылғы 10 тамызда Талдықорған қаласының «Абай» мейрамханасында «Абай – мәңгілік ғұмыр» атты поэзия кеші өтті.
«Абай – мәңгілік ғұмыр» атты поэзия кеші – қазақтың ұлы ойшылы, ақын және ағартушысының рухани мұрасын дәріптеп, жас ұрпақтың жүрегінде өшпес із қалдыруды мақсат етті. Шара барысында Абайдың өлеңдері оқылып, әндері шырқалды, ақынның өмірі мен шығармашылығына қатысты деректер айтылды.
Іс-шараға жергілікті ақын-жазушылар, өнерпаздар, қала тұрғындары қатысты Бұл кеш қонақтарға Абай әлеміне еніп, оның терең ойлары мен мәңгілік мұрасын сезінуге мүмкіндік берді.
ӨЗ ТІЛШІМІЗ