Қатардағы Нұрберген Қанатұлы – үлгілі сарбаз
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасына қарасты «Жетісу» шекара бөлімшесінің мерзімді әскери қызметшісі қатардағы жауынгер Нұрберген Қанатұлы – үлгілі қызметінің жарқын үлгісі.
Панфилов ауданы, Жаркент қаласының тумасы, «Көктем-2025» шақырылымымен әскер қатарына қабылданған Нұрберген Қанатұлы медициналық колледждің «Емдеу ісі» мамандығын тәмамдаған. Әскерге дейін аудандық емханада еңбек еткен, аудандық және облыстық ақындар айтысының жүлдегері. Бала күнінен шекара қызметіне қызығушылығы бар Нұрберген, әкесінің әскери борышын атқару дәстүрін жалғастырып, Отан алдындағы парызын абыроймен өтеп жүр.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі
Жетісу облысы бойынша депаратаменті