Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған тағылымды шара

0
42

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті мен Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы бірлесіп, ұлы ойшыл, қазақтың дана ақыны Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған тағылымды шара өткізді.
Шара барысында Абайдың өмірі мен шығармашылығы, ұлттық руханияттағы орны мен маңызы кеңінен насихатталды. Ұлы ақынның қара сөздері мен өлеңдерінен үзінділер оқылып, кітап көрмесі ұйымдастырылды. Сондай-ақ, қатысушыларға Абай мұрасының жастар тәрбиесіндегі рөлі, оның ой-толғамдарының бүгінгі күнмен сабақтастығы жайында мазмұнды әңгімелер ұсынылды.
Бұл игі іс-шара – өскелең ұрпақтың бойына отансүйгіштік сезімін сіңіріп, қазақ халқының ұлы мұрасына деген құрметін арттыруға бағытталған.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі

Жетісу облысы бойынша депаратаменті


ПІКІР ЖАЗУ