ЖОЛДАУДЫ ТАЛҚЫЛАУ

«Қазақстан Халық партиясы» ҚБ депуттаттық фракциясы ұйымдастыруымен «Экономиканы жаңа талаптарға сай басқару. Қоғамды одан әрі дамыту және Әділетті Қазақстан қағидаттарын дәйекті түрде орнықтыру» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Шара ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауын талқылау аясында болды.
Шараға Парламент депутаттары, Қазақстан халқы Ассамблеясы, «Атамекен» ҰКП, АХҚО, құқық пен ғылым саласының сарапшылары, сондай-ақ өңірлік өкілдер мен қоғамдық бірлестік мүшелері қатысты.
Басқосуда: Парламенттік реформалар; Экономиканы дамыту және бюджет тапшылығын азайту; Денсаулық сақтау саласын жетілдіру; Жасанды интеллектті дамыту; Тәрбие, мәдениет және патриотизм; Ауыл шаруашылығын жаңғырту мәселелері талқыланды.
Дөңгелек үстел қорытындысы ретінде Әділетті Қазақстанды құру жолындағы бастамалар мен шешу жолдары ұсынылды.
«АЛАТАУ-АҚПАРАТ»