Үшаралда шекара қызметіне қабылдау бойынша үгіт-насихат шарасы өтті

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасының ұйымдастыруымен қаласында үгіт-насихат іс-шарасы өтті.
Іс-шара барысында ҚР ҰҚК Шекара академиясына, сондай-ақ Ресей Федерациясы мен Түркия мемлекетінің жоғары әскери оқу орындарына түсуге ниетті жастарға ақпарат берілді. Сонымен қатар келісімшарт негізінде әскери қызметке орналасу тәртібі де түсіндірілді.
Жұмыс тобы үміткерлерге әскери қызметтің мәртебесі, әлеуметтік кепілдіктері мен болашағы жайында кеңінен мәлімет беріп, жастарды ел шекарасын қорғау ісіне атсалысуға шақырды.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті