Шекарашылар Қазтест жүйесі бойынша сынақ тапсырды

0
58

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасының әскери қызметшілері мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтайтын Қазтест сынағын тапсырды.
Бұл шара шекара қызметшілерінің мемлекеттік тілдегі құзыреттілігін арттыруға, кәсіби даярлығын жетілдіруге және мемлекеттік қызметтегі тіл саясатын ілгерілетуге бағытталған.
Қазтест жүйесі бойынша тестілеу тыңдалым, оқылым, жазылым және лексика-грамматикалық құрылымдарды меңгеру деңгейін айқындады. Шекарашылар емтихан барысында өздерінің тілдік дайындықтарын көрсетіп, мемлекеттік тілді меңгерудегі жоғары ынта-жігерін дәлелдеді.
Шекара басқармасының басшылығы атап өткендей, мемлекеттік тілді жетік меңгеру – әскери қызметшінің кәсіби мәдениетінің маңызды бөлігі және қызметтік міндеттерін абыроймен атқаруда зор рөл атқарады.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті