Шекарашылар оқушыларға ерлік сабағын өткізді

0
61

ҚР ҰҚК Шекара қызметінің Жетісу облысы бойынша департаменті Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасының әскери қызметшілері Б.Момышұлы атындағы мектептің оқушыларымен кездесті.
Шара «Ерлік сағаты» форматында өтіп, жасөспірімдерге Отан қорғаудың маңызы, шекарашы мамандығының ерекшеліктері және батыр Бауыржан Момышұлының ерлік жолы туралы кеңінен әңгімеледі.
Кездесу барысында оқушылар әскери қызметке қызығушылық танытып, шекарашыларға сұрақтар қойды. Мұндай іс-шаралар өскелең ұрпақтың бойында патриоттық сезімді арттыруға және елге адал қызмет етуге тәрбиелеуге бағытталған.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті