Оқушылармен әскери-патриоттық тәрбие сағаты өтті

0
58

ҚР ҰҚК Шекара қызметінің Жетісу облысы бойынша департаменті «Қорғас» шекаралық бақылау басқармасының «Жас шекарашы» жоспарына сәйкес, Алмалы елді мекеніндегі Елтінді батыр атындағы мектепте іс-шара өтті.
Кездесу барысында шекарашылар оқушыларға Отан қорғаудың маңызы, Шекара қызметінің ерекшеліктері туралы әңгімелеп, әскери-патриоттық тәрбиеге бағытталған дәріс оқыды. Сонымен қатар жоғары әскери оқу орындарына түсу тәртібін түсіндірді. ҚР ҰҚК Шекара академиясына оқуға түсу туралы үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді.
Шара жас ұрпақтың бойында патриоттық рухты нығайтып, шекараны күзетуге деген қызығушылықтарын арттыруға бағытталды.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті