ЖАС ШЕКАРАШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

ҚР ҰҚК Шекара қызметінің Жетісу облысы бойынша департаменті Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасына қарасты «Қорғас» шекара бөлімшесінің бастығы, капитан Н.Саттарханов Қорғас орта мектебінің оқушыларымен кездесу өткізді.
Іс-шара барысында «Жас шекарашы» үйірмесінің мүшелерімен сабақ өткізіліп, шекарашы мамандығының маңызы мен әскери қызметтің ерекшеліктері түсіндірілді. Сонымен қатар, оқушыларға патриоттық тәрбие мен ел шекарасын қорғаудың жауапкершілігі туралы мағлұмат берілді.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті