ЖАРКЕНТ ҚАЛАСЫНДА «БОС ОРЫНДАР ЖӘРМЕҢКЕСІ» ӨТТІ

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Панфилов ауданы бойынша шекара басқарма бастығының орынбасары подполковник Ә.Салмақбаев Жаркент қаласындағы Жоғары педагогикалық колледжінде өткен бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатысты.
Іс-шара барысында әскери қызметке қабылдау және Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы, Түркия Республикасының жоғары әскери оқу орындарына түсуге үміткерлерді іріктеу мәселелері қаралды. Сондай-ақ офицерлік запас өкілдерімен әңгімелесу өткізілді.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті