ТАНЫМДЫҚ КЕЗДЕСУ

30 қыркүйек күні Ардагерлер үйінде «Ауыл» партиясының ұйымдастыруымен жасанды интеллект туралы ардагерлермен жиын өтті.
Кездесудің басты мақсаты технология дамыған заманда жасанды интеллекттің қоғам өміріндегі орны, артықшылықтары мен қауіптері жайлы қарт буынға түсіндіру болды.
Іс-шара барысында қатысушыларға жасанды интеллекттің күнделікті өмірде қалай қолданылатыны көрсетіліп, оның адам өмірін жеңілдету мүмкіндіктері айтылды. Сонымен қатар, жалған ақпарат, киберқауіпсіздік сынды зиянды тұстары да түсіндірілді.
Ардагерлер өз пікірлерін білдіріп, сан түрлі сұрақтар қойды. Олар жастардың жаңа технологияларды меңгеріп қана қоймай, ұлттық құндылықтарды сақтай білуі керек деген пікірлерімен бөлісті.
Шара соңында «Ауыл» партиясы атынан Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ақшабай Дүйсенбекұлы мен бірқатар ардагерлерге арнайы төсбелгі тағылды.
Нұрила НҰРБОЛҚЫЗЫ