ОҚУШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСЫ

0
22

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасының «Басқан» шекара бөлімшесінің бастығы аға лейтенант Ж. Құлжабаев Шатырбай орта мектебінің жоғары сынып оқушыларымен кездесу өткізіп, ҚР ҰҚК Шекара академиясына оқуға түсу тәртібі мен мүмкіндіктері жөнінде үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында әскери мамандықтың маңыздылығы, шекарашы офицер болудың жауапкершілігі мен абыройы туралы кеңінен түсіндірілді.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті