ЖАҒЫМСЫЗ ӘРЕКЕТТЕРДІҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАСЫ
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасының «Екіаша» шекара бөлімшесінде бөлімше бастығы аға лейтенант Р.Садуақас психолог маман Л.Мансұрқызының қатысуымен жеке құрам арасында жағымсыз әрекеттердің алдын алуға арналған профилактикалық шара өтті.
Іс-шара барысында әскери ұжымда өзара сыйластық пен тәртіпті сақтау, жағымсыз мінез-құлықтың салдары және оны болдырмау жолдары талқыланды.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті