ТАЛДЫҚОРҒАНДА АЛАЯҚТАР АЗАЙМАЙ ТҰР

0
99

Соңғы күндердің бірінде сол алаяқтықтың тағы бір көрінісі орын алды. Қала банктерінің бірінен біреудің атынан банк картасын ашып, оны пайдалану үшін сол картадағы адамның ватсабын бұзып ашып, ішіндегі жүз шақты адамға «ақшадан қысылып тұрмын, ертеңге дейін елу мың бере тұр, мына картаға жібер» — деп хабарлама таратқан. Туысы бар, танысы – жанашыры бар адамға ақша салуға біреуінде ақша болмай, екіншісі күманданса, ал үшіншілері алаяқ жасатып алған банк картасына елу мыңды салып жіберген. Мәселені қазір Талдықорған киберполициясы тексеруде. Бір қызығы, моральдық тұрғыда жапа шегіп отырған тұрғында: «мен бұл банкке бармасам, өз атыма карта ашпасам – сонда оны кім ашып отыр? Осы іске банк қызметкерлерінің қатысы бар ма?» – деген көптеген сұрақтар туындап отыр. Қиын заманда алаяқтар көбейеді деген осы ма екен?

 

«Алатау» ақпарат