ҚАЛАЛЫҚ БИЛЕР АЛҚАСЫ САЙЛАНДЫ

0
32

Соңғы жылдары қоғамымызда қалыптаса бастаған Билер институтының негізінде әр өңірде билер алқасы құрылып, жұмыс істей бастағаны белгілі. Жетісу облыстық билер алқасы да Қазақ билер алқасы Жарғысының негізінде облысымыздың аудан-қалаларында жергілікті билерді сайлай бастады. Солардың бірі жақында сайланған Текелі қалалық билер алқасы.

Жиналысқа Текелі қаласының әкімшілігі тарапынан, құқық органдары тарапынан жергілікті сот, жергілікті полиция басшылары мен бірнеше қоғамдық ұйымдар басшылары қатысып, жақсы жаңалықтың куәгері болу мүмкіндігіне ие болды. Жиналыс барысында Текелі билер алқасының бірнеше өкілдеріне Жетісу Билер алқасының төрағасы Саржан Ержұманов куәліктер тапсырып, жұмыстарына мол табыс тіледі. Текелі қалалық билер алқасының төрағасы Талғат Жанболатовқа үлкен сенім артылып, қала мен оның төңірегіндегі орын алған мәселелерді ң оң шешімін табатынына сенім білдірілді. Жиналыс барысында көптеген мәселелер көтеріліп, ортаға салынды. Ең басты сұрақ: өсіп келе жатқан жас ұрпақ тәрбиесі мен оның бос уақыты, сондай-ақ мектептегі білім мәселесі болды. Осы жиналыстан толық мағлұматты газетіміздің келесі санынан оқи аласыздар.

 

 

«АЛАТАУ –АҚПАРАТ»