ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ НӘТИЖЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

0
28

Талдыкорғанда облыстық мәслихат, «Amanat» партиясының бақылау комиссиясы және облыстық қоғамдық кеңестің бірлескен кеңейтілген отырысы өтті.

Кездесуге облыс әкімінің орынбасары Диас Есдаулетов, облыстық мәслихаттың төрайымы Гүлнар Тойлыбаева, Жетісу облыстық қоғамдық кеңесінің төрағасы Әсет Серікқалиұлы, облыстық білім басқармасының басшысы Даурен Хабдолданұлы, «AMANAT» партиясы Жетісу облыстық филиалының төрағасы Арыстанғали Қадырұлы, сондай-ақ басқарма басшылары мен мәслихат депутаттары қатысты.
Күн тәртібінде үш негізгі мәселе қаралды: орта және балабақша білім беру мекемелеріндегі қоғамдық бақылау нәтижелері, мәдениет, архивтер мен құжаттама басқармаларының есептері және энергетика мен ТҮКШ саласындағы жұмыстар.
Отырыста баяндамалар жасалып, қатысушылар өз ұсыныстарын ортаға салды. Қоғамдық бақылаудың нәтижелері мен ұсыныстар алдағы уақытта бірлескен жұмысты жетілдіруге бағытталады.

 

 

ӨЗ ТІЛШІМІЗ