ТАЛДЫҚОРҒАНДА ЖАҢА ӘМБЕБАП БАЗАР АШЫЛДЫ

0
29

Талдықорған қаласында жаңа әмбебап базар пайдалануға берілді. Бұл жоба Жетісу ауылшаруашылық кооперативі мен қала әкімдігінің қолдауымен жүзеге асырылды.

Әкімдіктің ресми мәліметінше, базар Гауһар ана мен Абай көшелерінің қиылысында орналасқан. Сауда нысанының құрамына қазіргі заман талабына сай салынған жабық павильон кіреді. Мұнда 54 сауда нүктесі өнеркәсіп және азық-түлік тауарларын сату үшін қолжетімді. Сонымен қатар, базар аумағында 75 бутик жұмыс істейді. Олар қоғамдық тамақтану, сұлулық салондары мен тұрмыстық қызмет көрсету бағытында түрлі қызметтер ұсынады. Жаңа базар 56 арнайы сауда орны арқылы қала орталығындағы ретсіз сауданың алдын алуға мүмкіндік береді. Әкімдік сонымен қатар базар ішінде азық-түлік пен тауарларды жеткізуге ыңғайлы автотұрақ жасалғанын атап өтті.

 

Нұрила НҰРБОЛҚЫЗЫ