КӘСІПКЕРЛЕРДІ ҚОЛДАУ МАҚСАТЫНДА ИНВЕСТ-ФОРУМ ӨТТІ

0
28

Жетісу облысы, Талдықорған қаласында облыстық прокуратураның ұйымдастыруымен «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы және облыс әкімдігінің қатысуымен кәсіпкерлерді қолдауға арналған Инвестициялық форум өтті.

Форумға өнеркәсіп, ауылшаруашылық, туризм, әлеуметтік салалар бағытында еңбек етіп жүрген облысымыздың белгілі кәсіпкерлері және өзге облыстардан келген кәсіпкерлер де қатысып, өзекті мәселелерді талқылап, көкейтесті сұрақтарына нақты жауаптарын алды.
Кәсіпкерлер бұл форумның ұйымдастырылғанына өз алғыстарын білдіріп, көтерілген мәселелерге алған жауаптарына қанағаттанып, алдағы уақытта да осындай форумдардың өтіп тұруына ниет білдірді.

«АЛАТАУ-АҚПАРАТ»