ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ПРЕЗИДЕНТКЕ ҮНДЕУ ЖОЛДАДЫ

0
26

Жетісу облысының жедел жәрдем фельдшерлері мен жүргізушілері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа және Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназароваға видеоүндеу жолдап, өзекті мәселелерін көтерді.

Әлеуметтік желіде жарияланған видеоүндеуде қызметкерлер еңбекақының төмендігін, кадр тапшылығының салдарынан фельдшерлер диагнос-тика, ауыр науқастарды жүргізу, шешім қабылдау, т.б. секілді дәрігерлердің жұмысын қоса атқаратынын айтты.
Сонымен қатар, қызметкерлер 103-тің жұмысы әскерилердің еңбегімен пара-пар деп зейнет жасын төмендетуді, МӘМС-ке жалақыдан ай сайын 10 пайыз ұстаса да, міндетті медициналық тексеруден жылына 2 мәрте ақылы түрде өтетінін жеткізді. Одан бөлек, артық жұмыс уақыты үшін төлемнің дұрыс төленбеуі туралы да мәлімдеген.
Видео соңында, олар қазіргі жағдайдың қызметкерлерге үлкен салмақ түсіріп отырғанын айтып, бұл мәселелерді шешу халыққа көрсетілетін жедел медициналық көмектің сапасын жақсартатынын жеткізді.

 

ӨЗ ТІЛШІМІЗ