ӘСЕМДІК АРЕНАСЫ: ЖАС ГИМНАСТТАР ЖАРҚЫРАДЫ

0
19

Жетісу облысында көркем гимнастикадан қыздар арасында өткен дәстүрлі чемпионат биыл да жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өңір спортшыларының шеберлігін айқын көрсетті. Бірнеше облыстан жиналған жас гимнасттар көрермендерге әсемдік пен спорттық дайындықтың үйлескен жарқын қойылымдарын ұсынды.

Талдықорған қаласы  «Өркен» спорт мектебінде өткен облыстық көркем гимнастика чемпионатта  2021 жылдан 2010 жылға дейінгі қыздар спортшылар қатысты. Биылғы сынға 1 қала мен 2 облысты қамтыған жалпы 133 гимнаст келді. Додаға Жетісу облысы, Алматы облысы және Талдықорғаннан  ФХГ командалары қатысып, әрбірі жоғары дайындықпен келгенін көрсетті.

Жас гимнасттар өнерінде эстетика, дәлдік және шыдамдылық үйлесім тауып, спорттың бұл түріне тән сұлулықты барынша паш етті. Әрбір бағдарламаның артында көп айлық жаттығу, табандылық пен жауапкершілік тұрғаны анық байқалды.

Ұйымдастырушылар барлық қатысушыларға белсенділік пен кәсіби деңгейдегі өнері үшін алғыс білдіріп, жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтады. Чемпионат өңірдегі көркем гимнастиканың дамуына серпін беріп, жас спортшылардың тәжірибе жинақтауына маңызды алаң болды.

 

 Мұрат КҮМІСБЕК
Бұқаралық-спорттық іс-шараларды өткізу дирекциясының тілшісі